Қазақстан тарихының жаңа көптомдығы қашан дайын болады - министр жауабы

Сурет: e-history.kz
Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысы аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан тарихының жаңа академиялық басылымын әзірлеу жұмысының барысына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kazinform-ның хабарлауынша, Қазақстан тарихы туралы жеті томдық кітап биыл жарық көреді. 

"Құрылтай алаңында Мемлекет басшысы жаңа жылнамалық 7 томды, ұлттық тарихымыз жөнінде үлкен еңбекті жазу туралы тапсырма берген еді. Биыл осы жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Саясат Нұрбек.

Академиялық басылымды әзірлеуге 5 ғылыми институт, еліміздің 250-ден және шетелдің 60-тан астам тарихшы ғалымдары жұмылдырылды. Көптомдыққа 40-тан аса археологиялық зерттеу материалдары, тарих, археология және этнография салалары бойынша 300-ге жуық еңбек енеді.  

Айта кетсек, 2024 жылы 15 наурызда Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қазақстанның жеті томнан тұратын жаңа академиялық тарихын жазу жұмыстары жүйелі жүріп жатқанын жеткізген. Бұл іске 250 ғалым, соның ішінде 60 шетелдік маман атсалысып жатқаны, аталған еңбектің дербес бір томы Жошы ұлысына арналатыны да нақтыланған еді. 

Қазақстан
Нұрбек Саясат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты