Сатурнның серігінде өмірге қолайлы жағдайлар табылды

Сурет: pixabay
Сатурнның Энцелад атты серігінде тіршіліктің пайда болуы мен сақталуына қажетті барлық жағдайлар бар. Бұл туралы Еуропалық ғарыш агенттігінің (ЕҒА) зерттеушілері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш дерек жайлы Daily Mail басылымы жазды.

Ғалымдардың тұжырымдары 2008 жылы "Кассини" ғарыш аппараты жіберген мәліметтерге негізделген. Сол кезде аппарат Энцелақолайлы дтың оңтүстік полюсіндегі гейзерлердің атқылауын тіркеп, мұз кристалдарының үлгілерін жинаған болатын. Талдау нәтижесінде осы бөлшектердің құрамында күрделі органикалық молекулалар, соның ішінде аминқышқылдарының ізашарлары табылған.

"Энцелад тіршілікке әлем ретінде қарастырылуы үшін қажетті барлық критерийлерге сай келеді", – деді зерттеудің жетекші авторы, Берлин университетінің докторы Нозаир Хаваджа.

Оның айтуынша, егер болашақта ол жақтан тіршілік белгілері табылмаса да, бұл үлкен жаңалық болмақ. Себебі, тіршілікке барлық жағдай бар кезде оның болмауы – ғылым үшін үлкен сұрақ тудырады.

Энцелад — Сатурнның көлемі жағынан алтыншы серігі, диаметрі шамамен 500 шақырым. Ол қалың мұз қабатымен жабылған, ал мұздың астында сұйық судан тұратын мұхит бар.

Осылайша, Еуропалық ғарыш агенттігі болашақта Энцеладқа арнайы миссия ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл миссия серік шлейфінен мұз үлгілерін жинап, тіпті оның бетіне қонуға мүмкіндік беруі мүмкін.

Бұған дейін магниттік дауылдардың күшті қарқынмен қайта оралуда екенін жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды