Қытайлық ғалымдар ескі ұялы телефондардан алтын бөліп алудың 20 минуттық тәсілін тапты

Сурет: freepik
Қытайлық ғалымдар электронды қалдықтардан алтын өндірудің тың әдісін әзірледі. Зерттеушілер бөлме температурасында бар болғаны 20 минут ішінде ескі ұялы телефондардан алтынның 98 пайыздан астамын бөліп алуға мүмкіндік беретін жылдам әрі арзан тәсіл ойлап тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Angewandte Chemie International Edition басылымының жазуынша, бұл жаңалық электронды қалдықтарды қайта өңдеудің әлемдік тәжірибесін түбегейлі өзгертіп, дәстүрлі алтын өндіруге тәуелділікті азайтуы мүмкін.

Өзін-өзі еріту механизміне негізделген жаңа әдісте калий пероксомоносульфаты мен калий хлоридінің сулы ерітіндісі қолданылады. Бұл ерітінді алтын немесе палладий бетімен жанасқан кезде, металдардың өзі катализатор қызметін атқарып, аса белсенді тотықтырғыштардың түзілуін іске қосады.

Тәжірибелер көрсеткендей, бұл процесс ескі процессорлар мен баспа платаларынан алтынды 98,2 пайыз тиімділікпен бөліп алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ палладийдің 93,4 пайызы қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, алтын өндірудің өзіндік құны қазіргі нарықтық бағадан шамамен үш есе арзан, бұл әдісті бүгінгі таңда ең үнемді тәсілдердің біріне айналдырады.

Мысалы, 10 килограмм электронды платаны қайта өңдеу арқылы шамамен 1,4 грамм алтын алуға болады, ал жалпы шығын көлемі небәрі 72 АҚШ долларын құрайды. Салыстыру үшін айтсақ, алтынның қазіргі нарықтағы бағасы бұдан әлдеқайда жоғары.

Экономикалық тиімділіктен бөлек, бұл технология дәстүрлі әдістермен салыстырғанда энергия тұтынуды шамамен 62,5 пайызға азайтады және реагенттерге кететін шығынды 93 пайыздан астам қысқартады. Сондай-ақ қауіпті қосалқы қалдықтардың көлемі айтарлықтай төмендейді.

Бұған дейін Ұлыбританияда темір дәуіріне тән ерекше жауынгерлік керней табылғанын жазғанбыз.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі