NASA ғарыштан Жердің үстіндегі ерекше құбылысты байқады

Сурет: pexels
NASA Халықаралық ғарыш станциясы Жердің үстіндегі ерекше құбылысты тіркеді. Бұл 2024 жылдың қыркүйегінде Флорида жағалауына соққан Хелен дауылымен байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Wion басылымының жазуынша, Халықаралық ғарыш станциясындағы (ХҒС) құрал Жер атмосферасынан шамамен 88 километр биіктікте белгісіз құбылысты тіркеген. Ғалымдар атмосфералық толқындарды байқаған.

Осы толқындардың Жерден жоғары деңгейде көрінуі күшті ауа райы құбылыстары тек жер бетінде ғана емес, атмосфераның әр қабатына да әсер ететінін көрсетеді.

Бұл ерекше құбылыс мезосферада, яғни Жер атмосферасының үшінші қабатында тіркелген. Мезосфера 50-тен 85 км биіктікке дейін созылады. Аталмыш атмосфералық толқындарды өлшейтін AWE аппараты ХҒС сыртында 2023 жылы орнатылған. Бұл құрал "атмосфералық жарықтануды" – жоғары биіктіктегі газдардың шығаратын жарығын – зерттеу үшін қажет болған.

Дауыл Флоридаға жеткен кезде, AWE Жерден жоғарыда толқынға ұқсас үлгіні тіркеген. NASA-ның түсіндіруінше, бұл дауыл соншалықты күшті болғандықтан, ауаны үлкен биіктікте қозғаған.

Айта кету керек, ХҒС Жердің бетінен шамамен 400 км биіктікте орбита бойынша айналады. Ондағы құрал әдеттегі метеорологиялық өлшемдер кезінде байқалмаған құбылысты тіркеген.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды