Альпі тауларынан 2000 жыл бойы жасырын жатқан ерекше құрылыс табылды

Сурет: pexels
Археологтар Альпі тауларында күтпеген жаңалыққа тап болды. Олар аймақтан ежелгі римдік әскери лагерьді анықтады. Бұл нысан 2000 жылдан астам уақыт бойы белгісіз болып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

wionews мәліметінше, Базель университетінің зерттеушілері Граубюнден кантонының археологиялық қызметімен бірлесіп, 2021 жылдан бері Крап-Сес аймағын (Кунтер мен Тифенкастель арасы) зерттеп келеді.

Ғалымдар бұған дейін Альпінің Оберхальбштайн өңірінде римдіктердің шайқас алаңы болғанын білгенімен, мұндай әскери лагерьдің барын күтпеген.

Анықталған лагерь теңіз деңгейінен 2100 метрден астам биіктікте орналасқан.

Граубюнден кантонының мәліметіне сәйкес, бұл лагерь стратегиялық тұрғыдан тиімді жерде салынған. Биікте орналасуы рим әскеріне аңғарлар мен тау асуларын бақылауға мүмкіндік берген, ал мұндай аумақтарды төменнен бақылау қиын болған.

Қазіргі таңда лагерьден ор мен қорған қабырғасының іздері ғана сақталған. Алайда оның римдіктерге тиесілі екенін дәлелдейтін ең маңызды айғақ – 3-ші рим легионының таңбасы басылған қорғасыннан жасалған праща оқтары табылған.

Бұған дейін мысырлық археологтардың су астында қалған 80 тонналық шамшырақтың құпиясын ашуда екенін жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады