Гүлмира Дайрабаева Қаржы министрінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Сурет: instagram/gulmira_dairabaeva
Гүлмира Дайрабаева Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің баспасөз хатшысы және Қоғаммен байланыс департаментінің директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Гулмира Тынышбекқызы – танымал тележүргізуші, журналист, медиаменеджер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Ақпарат саласының үздігі, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. Мемлекеттік саясат және басқару магистрі. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Sophia-Antipolis атындағы шет елдіктерге арналған Франция институтының, USC Sol Price School of Public Policy, Оңтүстік Калифорния университетінің, АҚШ, Мемлекеттік саясат және басқару академиясының түлегі.

Гүлмира Дайрабаева есімі қазақ халқына етене таныс. Көп жылдары телевидение саласында қызмет етіп, көпшілікке танылды. «Қазақстан» теле-радио корпорациясында «Таңшолпан» таңғы бағдарламасының тұңғыш жүргізушісі болды, кейіннен осы корпорацияда Таңғы бағдарламалар департаментін басқарды. Сонымен қатар, «Хабар» агенттігінде, «НТК» және «ОРТ Қазақстан» телеарналарында қызмет етті, Францияның «FRANCE-3» мемлекеттік арнасында CIFAP халықаралық ұйымының аудиовизуалдық тағылымдамасынан өткен. Республикалық гендерлік саясатқа арналған әлеуметтік телевизиялық бағдарламалардың алғашқы авторларының бірі. Тікелей эфирде «Сырға» атты қазақ-француз телешоуын жүргізді.

Қазақ, орыс, ағылшын, француз және sign language (мылқаулар тілін) тілдерін меңгерген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды