Елдегі жағдай тұрақтанған алғашқы күннен бастап Ұлттық банк қаржы нарығының қалыпты жұмыс істеуін қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады.Әлия Молдабекова
Біріншіден, 7 қаңтардан бастап халыққа арналған негізгі банктік қызметтер кезең-кезеңімен қалпына келтірілді.
Екіншіден, 10 қаңтардан бастап ақша және қор нарықтарындағы операциялар қайта қалпына келтірілді.
Банк секторының өтімділік тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Ұлттық банк репо және своп нарығында өтімділікті барынша ұзақ мерзімге: 7, 30 және 90 күнге ұсынуға кірісті.Әлия Молдабекова
Сондай-ақ ол "жағдайдың тұрақтануына қарай нарықты қолма-қол шетел және ұлттық валютамен үздіксіз нығайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын" айтты.
Үшіншіден, 12 қаңтардан бастап валюта нарығындағы сауда-саттық іске қосылды.
Ұлттық Банк сауда-саттық қайта басталғаннан кейінгі алғашқы күндері шетел валютасына сұраныстың артуын және оның шектеулі ұсынысын күтті. Сондықтан, валюта нарығының ашылуы қарсаңында бұрын-соңды болмаған оқиғалар аясында теңгеге алыпсатарлық қысымның көрсетілуіне жол бермеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге дайын екенімізді мәлімдедік.Әлия Молдабекова
Ұлттық банк өкілі атап өткендей, шынында да, валюталар бойынша бір аптаға жуық сауда-саттықтың болмауын ескере отырып, бизнес тарапынан, сол сияқты халық тарапынан шетел валютасына жинақталған сұраныс пайда болған.
Жағдай теңге бағамының бұдан былайғы қозғалысы бойынша орын алған оқиғалар мен белгісіздік аясында валюта сатушылар санының өте шектеулі болуымен күрделене түсті. Қаржылық тұрақтылық тәуекелдеріне және тұрақсыздандыратын ауытқуларға жол бермеу мақсатында Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізді. Олардың көлемі 12 және 13 қаңтарда 240 млн долларды немесе сауда-саттықтың бүкіл көлемінің 50%-ға жуығын құрады. Жыл басынан бастап 13 қаңтар аралығында шетел валютасына сұраныстың артуы аясында теңге бағамы 433,67 теңгеге дейін 0,5%-ға әлсіреді.Әлия Молдабекова
Әлия Молдабекованың айтуынша, қазір валюта нарығындағы жағдай тынышталды, қаржы нарығының жұмыс істеуі толығымен қалпына келтірілді, операциялар штаттық режимде жүргізілуде.