Meta-ның акциялары Facebook қолданушылары жайлы есептен соң 26 пайызға құлдырады

Сурет: Twitter/Meta
Meta Platforms акциялары тоқсандық есеп жарияланған соң тағы құлдырады. АҚШ қорының сауда-саттық алаңында Meta акцияларының құны 238 долларға дейін төмендеді, бұл есеп жарияланар алдындағы көрсеткіштен 26 пайызға төмен, деп хабарлайды Zakon.kz

Бір күн бұрын Meta ребрендингтен кейінгі алғашқы қаржылық есебін жариялады, алайда ол сарапшылардың үмітін ақтамады.

АҚШ биржаларының ашылуы сәтінде компанияның акциялары 239 доллар деңгейінде сатылды. Бұл бір күн бұрынғы құннан 84 долларға кем.

Мета-валюта мен виртуалды шынайылыққа инвестиция салатын Reality Labs бөлімшесі 3 миллиард доллардан астам шығынға ұшыраған.

I-тоқсандағы кіріс, Meta болжамына сәйкес, инфляцияға, жарнама берушілердің тізбегінің бұзылуына, сондай-ақ Apple-дің жаңа құпиялылық саясатына байланысты көп бола қоймайды.

Аудиторияның өсімі көңілге қонымсыз болып шықты: 2021 жылдың желтоқсанында желіні белсенді пайдаланушылар саны тек 4%-ға, яғни 2,9 млрд адамға дейін өсті. Meta мұны жоғары бәсекелестіктің артқанымен түсіндірді, оның ішінде TikTok сияқты қысқа роликтерге арналған бейне платформалар да бар.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды