Банкнот фабрикасының бас директоры Батырбек Әлжанов дүниеден озды

ҚР Ұлттық банкі
Батырбек Әлжанов - ҚР Ұлттық банкі жүйесіне еңбегі сіңген, 30 жыл қызмет еткен білікті маман, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы" РМК Бас директоры 58 жастағы Батырбек Әлжанов дүниеден озды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы» РМК Бас директоры Батырбек Асылбекұлы Әлжановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты Қазақстан Ұлттық банкінің ұжымы қайғыға ортақтасып, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Батырбек Асылбекұлы ақылы мен парасаты, қарапайымдылығы мен жауапкершілігі, басшылық ете білетін қарым-қабылеті үйлесім тапқан асқан еңбекқор, жігерлі жан еді. Ол 30 жыл бойы Ұлттық Банк жүйесінде жұмыс істеп, өзін шебер ұйымдастырушы әрі өз принципіне адал басшы ретінде көрсете білді, сол қасиетімен де сенім үдесінен шығып, әріптестер арасында құрметке ие болды. Ағайын-туысы мен жақын бауырларына, достарына сабыр тілейміз. ҚР Ұлттық банкі
Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды