Доллар бағамы 3,5 теңгеге көтерілді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 3,49 теңгеге көтеріліп, 449,53 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салсақ, өткен жұмада доллар 11,98 теңгеге арзандады.

Қытай юанінің бағамы 70,61 теңге (-0,55) болды, сауда көлемі 3,24 миллион юаньға жетті.

Ресей рублінің бағамын Ұлттық банк 5,91 теңге, еуро бағамын 485,68 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 454-457,5 теңге, еуро 493-500 теңге, ресей рублі 5,25-5,75 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.

11 сәуірдегі сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 1,73%-ға төмендеп, барреліне 95,78 доллар болды.

Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері барреліне 1,76%-ға арзандап, 100,32 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті