Елімізде 850 мыңнан астам бюджет саласы қызметкерінің жалақысы көтеріледі

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы бюджеттік саланың 850 мың қызметкерін қамтымақ. Бұл туралы парламент сенатында өткен жиында вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенатта «Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарының орындалу барысын талқылау кезінде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 850 мың бюджеттік сала қызметкерінің еңбекақысын арттыру жоспарланып отырғанын айтты.

Бағдарламаның маңызды бөлігі жаңа экономиканың өсуіне арналған. Азаматтардың жұмысқа орналасуына жағдай жасау, сонымен қатар жаңа дағдылар мен кәсіптерді қарастыратын жанама әрекеттер қамтылған. 1,1 миллионнан астам қызметкердің еңбекақысы өседі, оның ішінде бюджеттік саладағы 850 мыңнан астам қызметкердің лауазымдық жалақысы көтеріледі. Дәрігерлердің жалақысы 320 мыңнан 531 мың теңгеге, медицинадағы орта қызметкердің жалақысы 173 мыңнан 250 мың теңгеге дейін өседі.Ералы Тоғжанов

Премьер-министрінің орынбасары сәуір айынан бастап «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының өндірістік персоналындағы 258 мың адамның жалақысы 5%-дан 48%-ға дейін өскенін еске салды.

Сонымен қатар Тоғжановтың айтуынша, қордың ішкі резервінен қызметкерлердің кірісін арттыру жалғасады. Атап айтқанда, жыл соңына дейін тағы төрт кәсіпорындағы өндіріс қызметкерлерінің жалақысы 5-тен 18%-ға дейін өседі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: