2019 жылдың мамыр айында, яғни тыйым салынған кезде бұл акциялардың құны 5,2 млрд долларға бағаланған болатын, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Гаага апелляциялық соты акциялар халықаралық қарапайым құқық негізінде мәжбүрлеп жүзеге асыру иммунитетіне ие деп шешті.
Сонымен бірге сот Статиге сот шығындарын төлеуге міндеттеді.
Бұл Қазақстан үшін, оның халқы үшін елеулі жеңіс, ал Стати үшін тағы да бір жеңіліс. ҚР Әділет министрі Қанат Мусин
Одан бөлек, 2022 жылғы 13 маусымда бірінші сатыдағы Брюссель соты Қазақстан Республикасына Қазақстан Ұлттық қорының активтеріне заңсыз тыйым салғаны үшін Статиге келтірілген залалды өтеуге қойылған талапты қарауды жалғастыруға мүмкіндік беретін шешім шығарды.
Бұл шешім Брюссель апелляциялық сотының 2021 жылғы 16 қарашадағы шешімінің нәтижесі болды, ол Статидің Қазақстанға салған инвестициялары жөн-жосықсыз жасалғанын және оның 2013 жылы шығарылған төрелік шешімі алаяқтық жолмен алынғанын растады. Сондай-ақ, сот төрелік шешімнің күшін жою процестері кезінде Стати швед соттарын әдейі адастырды деп тапты.
Қазақстандық тарапты құлақтандырмай алынған KMG Kashagan B. V. акцияларын бұғаттауға қатысты шешім басында-ақ заңсыз болғанына біз күмәнданбадық. Енді мұны сот растады, бұғат алынды, әділет ту тікті.ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Марат Бекетаев
Сот Статидің Қазақстанға өтеуі тиіс залал сомасын анықтау үшін 2023 жылдың қазан айына үш күндік сот талқысын тағайындады. Сондай-ақ, өзінің дәлелдемелерін ұсыну үшін Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне процессуалдық кестені белгіледі.