Саудада доллар бағамы төмендеп жатыр

Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,45 теңгеге төмендеп, 476,01 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,83 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 70,83 теңге (-0,13) болды.

Кешегі кешкі сауданың қорытындысы бойынша еуро бағамы 491,88 теңге болды.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 477-481 теңгеге сатылса, еуро 490-497 теңгеге өсті. Рубльдің бағамы – 7,3-7,7 теңге.

12 тамыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді. Осылайша Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны 0,49% арзандап, барреліне 99,11 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электрондық саудада қыркүйек айындағы WTI фьючерстерінің бағасы 0,56% төмендеп, барреліне 93,81 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды