Ресейден Қазақстанға ақша аударымы 6 есеге жуық өсті

Сурет: Zakon.kz
Сарапшылар халықаралық Visa және Mastercard жүйеcі Ресейден алынған соң ресейліктер Қазақстанға ақшаны жиі жібере бастағанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ranking.kz хабарлауынша, 2022 жылдың қаңтар-шілде аралығында ресейліктер Қазақстанға 193,8 млрд теңге аударған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 5,7 есе көп.

Сарапшылардың бағалауынша, шетелден түскен қаржы бойынша алғашқы бестікке мына елдер кіреді:

Басылымның мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында халықаралық ақша аударымдары жүйесі (МТС) арқылы жіберілген қаражат көлемі 582,5 млрд теңге болды.

Елдер контексінде 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстаннан шетелге аударылған трансферттер көлемінің 69%-ы Өзбекстанға (163,6 млрд теңге), Түркияға (136,5 млрд теңге) және Ресейге (101,8 млрд теңге) тиесілі.

Сонымен қатар қомақты қаражат мына елдерге жіберілді:

2 қыркүйекте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі "Сбербанк Қазақстанды" сатып алғаны белгілі болды.

Кейінірек Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова сатып алу себебін атады.

Сонымен қатар "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Қазақстан Сбербанкқа ребрендинг жүргізілгенін, банк "Береке" атауын алатынын айтты.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды