Доллар тағы қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 15:30-да доллардың орташа бағамы тағы 0,61 теңгеге қымбаттап, 478,26 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,95 теңгеге (+0,03) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,37 теңгеге (+0,41) дейін көтерілді.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 476,11 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 475-479 теңге, еуро 476-484 теңге, ресей рублі 7,35-7,7 теңге аралығында сатылып жатыр.

20 қыркүйектегі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы өзгеріссіз қалды.

Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің құны небәрі 0,09%-ға қымбаттап, барреліне 92,08 доллар болды.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қазан айындағы бағасы 0,07%-ға төмендеп, барреліне 85,30 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел