21 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы өсуін жалғастырды

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, евро, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, курс евро, курс евро к тенге, повышение курса евро, повышение евро, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 16:03 Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 21 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,36 теңгеге өсіп, 448,44 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,02 теңгеге көтеріліп, 5,32 теңгеге жетті.

Қытай юанінің бағамы күндізгі сауда-саттықта 0,29 теңгеге қымбаттап, 66,92 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 447,2-449,2 теңгеден, еуро 510,2-515,3 теңгеден, рубль 5-5,12 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

21 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы ең төменгі деңгейге түсті.

Қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 102,09 доллардан саудаланды. Бұл – 10 қыркүйектен бергі ең төменгі баға. Жұма күнгі көрсеткішпен салыстырғанда мұнай 1,71%-ға арзандады.

Америкалық WTI мұнайының бағасы 1,96%-ға төмендеп, барреліне 98,33 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 446,56 теңге, еуроны 512,34 теңге, рубльді 5,3 теңге деңгейінде белгіледі.

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында 21 қыркүйектің бірінші жартысында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына жерден көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: