"Бәйтерек" холдингінің басшысы БАӘ Орталық банкінің төрағасымен кездесті

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Біріккен Араб Әмірліктері Орталық банкінің төрағасы Ұлы Мәртебелі Халед Мохамед Баламаның басшылығымен Қазақстанға келген БАӘ делегациясымен кездесу өткізді.

Екі елдің қаржы саласындағы, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастығының келешегі кездесудің басты тақырыбы болды.

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

БАӘ делегациясының құрамында Әмірліктердің Орталық банкінің өкілдерімен қоса, мемлекеттік холдингтік компания Mubadala Investment Company және егеменді қор Abu Dhabi Developmental Company өкілдері болды.

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

Айта кетейік, "Бәйтерек" холдингі мен оның еншілес компанияларының Әмірліктердің мемлекеттік және жеке компанияларымен бірлесіп жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Мысалы, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Falah Growth Fund, Kazakhstan Infrastructure Fund C.V. және Abu Dhabi Development Holding Company бірлескен қорлары арқылы Mubadala Investment Company-мен қарым-қатынас орнатқан. Сондай-ақ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ мен "KazakhExport" ЭСК" АҚ-да БАӘ капиталы қатысатын бірнеше жобалар қаралуда.

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржы институттары арасындағы ынтымақтастық екі елдің экономикасы үшін аса маңызды екендігін атап өтті.

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды