Доллар тағы қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,42 теңгеге көтеріліп, 474,95 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,45 теңгеге (-0,24) түсті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 65,92 теңге (-0,57) болды.

Еуро бойынша сауда болған жоқ, еуро бағамын Ұлттық банк 459,42 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 476-480 теңге, еуро 462-468 теңге, ресей рублі 6,9-7,2 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, 11 қазандағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Brent маркалы мұнайдың желтоқсан фьючерстерінің құны 0,08%-ға арзандап, баррелі 96,11 доллар болды.

Қарашадағы WTI фьючерстерінің бағасы барреліне 0,23%-ға арзандап, 90,94 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы