Тартымдылықтың сақталуына байланысты ұлттық валютадағы депозиттер бір айда 4,6%-ға өсті. Шетел валютасындағы өсу теңге бағамын түзету және тиісті қайта бағалау есебінен 0,7% құрады.
Бұл ретте валюталық баламада валюталық депозиттер 0,3%-ға төмендеді. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2022 жылғы қыркүйекте 35,6% (2022 жылғы тамызда – 36,5%, 2021 жылғы желтоқсанда – 36,0%) болды, делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Қыркүйекте жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ҚДКҚ шекті мөлшерлемелері жинақ салымдарының кейбір түрлері бойынша 16%-ға жете отырып, бұрынғы деңгейде сақталды.
Мерзімді депозиттердің көлемі негізінен теңгедегі салымдар есебінен 5,0%-ға ұлғайып, 20 032,9 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар депозиттердің жалпы портфелінің шамамен 2/3 бөлігін құрады.
Базалық мөлшерлеменің өзгермеуі жағдайында 2022 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі тамыздағы деңгейде сақталып, 12,4% (2021 жылғы қыркүйекте – 7,4%) болды, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – алдыңғы аймен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа өсіп, 12,2% (8,3%) болды.
Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 21 101,2 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға ұлғайып, жылдық өсу Ресей банктерінің кредиттік белсенділігінің төмендеуіне, 2021 жылғы жоғары статистикалық базаға, сондай-ақ банктер мен қарыз алушылардың экономиканың даму болашағына қатысты жоғары белгісіздігінің сақталуына қарамастан 24,4% құрады, - дейді Ұлттық банктегілер.
Халықты кредиттеу қарыздардың өсуіне негізгі үлес қосуды жалғастыра отырып, а/а 2,5%-ға өсті. Тұтынушылық кредиттеу біршама бәсеңдеуіне қарамастан, жоғары өсу қарқынын сақтай отырып (ж/ж 27,7%, а/а 2,3%), 7 197,6 млрд теңге болды.
Ипотекалық кредиттеу де 4 277,0 млрд теңгеге дейін жоғары өсуді (ж/ж 47%, а/а 3,3%) көрсетуде.
Бүкіл кредиттік портфель өсуінің 2/3 астамы жеке тұлғалардың теңгелік кредиттері есебінен қамтамасыз етілді. Заңды тұлғалардың кредиттік портфелі бір айда 1,3%-ға өсті.
Қыркүйекте қысқа мерзімді кредиттер қарқынының ұзақ мерзімді кредиттерден озып өсуі байқалды. Қысқа мерзімді кредиттердің көлемі а/а 4,2%-ға, ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі 1,6%-ға ұлғайды.
2022 жылғы қыркүйекте шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 4 228,1 млрд теңгеге дейін 4,7%-ға өсті (ж/ж 32,2%-ға өсті).
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары
2022 жылғы 5 қыркүйекте Ұлттық Банк қалыптасқан экономикалық ахуалды, тәуекелдер теңгерімін, сондай-ақ Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдарын ескере отырып, базалық мөлшерлемені +/– 1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Осы жылдың 26 қазанында инфляцияның едәуір жеделдеуі мен бүгінгі инфляциялық процестер Ұлттық Банктің болжамды бағалауларынан жоғары қалыптасу аясында базалық мөлшерлеме 14,5%-дан 16%-ға дейін көтерілді.
Валюта нарығы
АҚШ доллары бойынша сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты 2022 жылғы қыркүйекте теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 471,34 – 481,16 теңге ауқымында өзгеріп отырды.
2022 жылғы қыркүйекте Ұлттық қордан трансферттерді жүзеге асыру үшін шетел валютасын шамалы конвертациялау болып, валюталық интервенциялар жүргізілмеді. Квазимемлекеттік сектордың экспорттық валюталық түсімді сатуы 583,5 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 3,5%-ға төмендеді (ж/ж 13,7%-ға төмендеу), оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі а/а 7,2%-ға және ж/ж 29,2%-ға төмендеді.
Халықтың тарапынан шетел валютасына сұраныстың төмендеуі байқалады. 2022 жылғы қыркүйекте шетел валютасын нетто-сатып алу а/а 25,7%-ға төмендеді. 2021 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда нетто-сатып алудың жалпы көлемі айтарлықтай дәрежеде АҚШ доллары мен Ресей рублін нетто-сатып алудың төмендеуі есебінен 2 еседен астам төмендеді.