Қазақстанда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталады

Декларацияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен олардың жұбайы, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайы кіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері (мектеп, балабақша, аурухана, емхана қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер және т.б., яғни бюджет есебінен жалақы алатын барлық қызметкер) жатады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар, ЖШС, АҚ, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болатын ұлттық холдингтер, олардың еншілес, тәуелді ұйымдары және басқа да заңды тұлғалар жатады).

Декларацияны екі кезеңде тапсыру мерзімдері:

Жалпыға бірдей декларация Қазақстанда төрт кезең бойынша жүзеге асып жатыр. Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларацияның бөлігі ретінде декларацияны:

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайы декларацияға жатады.

Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қалған санаттағы азаматтар декларациялануға жатады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: