19 қаңтардағы саудада доллар арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,48 теңгеге төмендеп, 462,77 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,73 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 68,26 теңге (-0,23) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 504,64 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 462,5-466 теңге, еуро 499-504 теңге, ресей рублі 6,35-6,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 19 қаңтардағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендей түсті.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 1,35%-ға төмендеп, барреліне 83,83 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада ақпан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,61%-ға арзандап, барреліне 78,2 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі