27 қаңтардағы саудада доллар тағы арзандай түсті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,88 теңгеге төмендеп, 460,43 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басқа валюталармен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 502,62 теңге, рубльді 6,69 теңге, қытай юанін 68,02 деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 460,5-464 теңге, еуро 498-504 теңге, ресей рублі 6,4-6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 27 қаңтардағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,69%-ға өсіп, барреліне 88,07 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,59%-ға өсіп, барреліне 81,49 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі