Илон Маск банкротқа ұшыраған АҚШ-тағы ең ірі банкті сатып алуы мүмкін

Сурет: wikimedia
Америкалық миллиардер Илон Маск банкротқа ұшыраған АҚШ-тағы ең ірі банктердің бірі - Silicon Valley Bank-ті (SVB) сатып алу идеясын талқылауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы кәсіпкер Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Мен бұл идеяны талқылауға дайынмын", — деп жауап берді Маск аталған банкті сатып алып, оны электрондыға айналдыруды ұсынған әлеуметтік желі қолданушыларының біріне.

Бүгін, 11 наурызда Калифорнияның цифрлық реттеуші агенттігі көлемі бойынша АҚШ-тағы 16-шы ірі банкі - SVB-ны банкрот деп жариялады. Несиелік ұйым стартаптарға икемделген.

SVB-ның банкроттығы 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі қаржы саласындағы ең ірі оқиға ретінде бағаланады, ол - АҚШ тарихындағы Washington Mutual Bank-тен кейін банкроттыққа ұшыраған екінші ірі банк.

FDIC барлық сақтандырылған депозиттерді SVB-нің өзі Deposit Insurance National Bank of Santa Clara-дан ашқан жеке шотына аударды.

АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен жұмада реттеуші органдармен кездесіп, SVB айналасындағы жағдайды реттей алатындықтарына сенім білдірді.

Аптаның басынан бастап АҚШ-тың басты индекстері 1% - дан 1,8% - ға дейін құлдырады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін