АҚШ, Еуропа және Жапониядағы ең ірі банктердің акцияларының құны "құлап" жатыр

Сурет: freepik
АҚШ, Еуропа және Жапониядағы ең ірі банктердің акциялары наурыз айының басынан бастап АҚШ-тағы Silicon Valley Bank банкроттығы мен швейцариялық Credit Suisse банктің проблемаларына байланысты орта есеппен 16%-ға (459 миллиард доллар) төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл - 2020 жылдың наурызынан бергі ең ірі құлдырау. Реттеушілер жағдайды тұрақтандыруға тырысатын болады, деп хабарлайды EA Daily.

First Republic 30 млрд және Credit Suisse 54 млрд доллардың шұғыл несиелендіруіне іліксе-дағы, жұмада олардың акциялары құлдырауын жалғастырды.

Financial Times басылымының мәліметінше, Goldman Sachs қазіргі жағдайға байланысты бағалы қағаздар сауда-саттығында шамамен 200 миллион доллар жоғалтқан, бірақ бұл ақпаратқа қатысты банк ешқандай түсініктеме берген жоқ. 

АҚШ банк жүйесі 10 наурызда сетіней бастады. Содан кейін стартаптарға маманданған Svb Financial Group банкротқа ұшырады. Бұл - 2008 жылғы қаржылық дағдарыстан кейін АҚШ банк жүйесіндегі ең ірі күреу.

Америкалық экономистер зерттеу жүргізіп, оның қорытындысы бойынша АҚШ-тағы 200-ге жуық банк Silicon Valley Bank-тің (SVB) тағдырын қайталауы ықтимал екенін анықтады.

АҚШ
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

21 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстан тарихының жаңа көптомдығы қашан дайын болады - министр жауабы

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі доллар, еуро және рубль құны қанша