Ресейден Қазақстанға бидайды арпа ретінде өткізбекші болғандар тұтылды

Сурет: видеодан алынды
2023 жылы 26 сәуірде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті шекара қызметімен бірлесіп, "Обаған" автомобиль өткізу бекетінде Ресей Федерациясынан бидай тасымалының кезекті әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

МКК нақтылап өткендей, елімізге бидайдың әкелуіне тыйым салынғанына қарамастан, шектеуді "айналып өту" мақсатында  сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тағы да 30 тонна бидайды басқа тауар түрінде жасырып, оны жалған құжаттармен өткізуге тырысты.

Көліктің бетінде арпа болған.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың 21 сәуірінде "Қайрақ" өткізу бекетінде жалпы салмағы 60 тоннадан асатын бидай жеткізудің 2 әрекеті тоқтатылған болатын.


Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға шақырады.

Қазақстанда 2023 жылдың 10 сәуірінен бастап алты ай мерзімге елімізге бидай жеткізуге салынған тыйым күшіне енді.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін