Еліміздің екі облысындағы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылары тағайындалды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды және Түркістан облыстары бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне Балғабаев Ерболат Темірболатұлы тағайындалды.

Ерболат Балғабаев бұған дейін Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған. 


Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі


Сондай-ақ Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне Төлеутай Нұраби Рашидұлы тағайындалды.

Нұраби Төлеутай бұған дейін Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметін атқарған болатын.


Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі


Ұжымға жаңа басшыларды ҚМА төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбеков таныстырды.

Қарағанды
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті