Оңтүстік Корея алтын құймаларды сауда автоматтары арқылы сата бастады

Сурет: GS Retail
GS Retail дүкендерінің автоматтарында алтын құймалар сатыла бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы тоғыз айда дүкендегі алтын құймаларының сатылымы 19 миллион доллар болды, деп хабарлайды UPI.

Құймаларды автоматтар арқылы сату 2022 жылғы қыркүйек айында бес дүкенде басталды. Сатып алушыларға салмағы 0,13 унциядан 1,3 унцияға дейінгі бес өлшемдегі құймалар ұсынылады. Алтын құнының халықаралық бағасына сәйкес баға күн сайын өзгеріп отырады.

GS Retail дүкендеріндегі алтын құймаларының танымалдығы компанияны сауда нүктелерінің санын 50-ге дейін арттыруға ықпал етті.

"Ең танымал алтын құймасы  – ең кішкентайы, салмағы 0,13 унция, оның бағасы қазіргі уақытта шамамен 225 доллар. 20 және 30 жас аралығындағы адамдар инвестиция ретінде физикалық алтынның негізгі сатып алушылары болып көрінеді, әсіресе қазіргі оның құны өсіп жатқан кезде". GS Retail дүкендер желісінің өкілі

Алтынның бағасы наурыз айында Кремний алқабының банкі құлдыраған тұста көтеріліп, адамдар қауіпсіз инвестиция ретінде алтынға бет бұра бастады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі