21 шілдедегі саудада доллар бағамы сәл өсті

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,83 теңгеге қымбаттап, 444,81 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа бағамы да өсіп, 61,92 теңге (+0,21) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 497,8 теңге, рубльді 4,89 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 445-448 теңге, еуро 495-499,5 теңге, ресей рублі 4,79-5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, 21 шілдедегі саудада әлемдік мұнай бағасы өсе түсті.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны 0,73%-ға өсіп, барреліне 80,22 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері барреліне 0,79%-ға өсіп, 76,25 доллар болды.

Қазақстан ҚР Ұлттық Банкі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: