Алматыда жол ережесін бұзғаны үшін 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл төлеген азамат анықталды

Сурет: Zakon.kz
Ресей Федерациясында тіркелген Toyota Camry көлігінің 38 жастағы иесі автокөлік жүргізушілерінің антирейтингінде көш бастап тұр. Дегенмен ол өз қатесін қайталамауға кеңес беріп отыр.

Азамат жалпы айыппұл көлемі 4 млн 574 мың 700 теңге болатын жол қозғалысы ережесін бұзған.

Екінші орында 1 млн 362 мың 750 теңге көлемінде төленбеген айыппұлы бар BMW көлігінің иесі тұр. Небәрі үш күнде Алматы жолдарында жүргізушілері ЖҚЕ өрескел бұзып, айыппұл төлемейтін 33 көлік ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

"Ресейде тіркелген көліктің иесімін. Номер де Ресейдікі. Бірнеше жыл айдадым, ережені бұздым. Айыппұл соммасы шамамен 4,5 млн теңге болды. Мені полиция қызметкерлері ұстады, көлікті айыппұл тұрағына қойды. Амал жоқ, айыппұл төлеуге тура келді. Төлеген соң, мен қатты күйзеліске түстім: кейде тіпті дәрі-дәрмекпен өзімді тыныштандырдым. Болашақта мұны қайталамаймын. Төлеу өте ауыр болды. Бәрі үшін төлеу керек болады, сондықтан ЖҚЕ бұзбағаныңыз жөн. Алматылықтарды, республика тұрғындарын ЖҚЕ сақтауға шақырамын", – деді құқық бұзушы.

Осы және басқа да жол қозғалысы ережесін қасақана бұзушыларды полиция автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы анықтап жатыр. Полиция әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеу қажет екенін тағы да еске салып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі