Жаңа оқу жылының қарсаңында елімізде кеңсе тауарлары 64%-ға қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда соңғы бір жылда қалам-қағаз бен басқа да кеңсе тауарлары айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының 8 тамыз күнгі мәліметінше, кеңсе тауарларының бағасы 2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда 2023 жылдың шілдесінде 64,4% қымбаттаған.

"Атап айтқанда, мектеп дәптері – 77,2%, қалам – 38,6%, түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% қымбаттады", – делінген статистика бюросы таратқан хабарламада.

Статистиктер тамыз айының дерегін әлі жарияламаған, дегенмен кеңсе тауарларының бағасы оқу жылының қарсаңында қымбаттай түсетіні анық.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін