Ұлытау облысында мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік баспана сатып алуға 2 млрд теңге бөлінеді

Сурет: Zakon.kz
Индустрия министрлігі "Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне үкіметтің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы Заңында көзделген мемлекеттік резервтен, 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен шұғыл шығындарға 2 384 640 000 (екі миллиард үш жүз сексен төрт миллион алты жүз қырық мың) теңге сомасында қаражат бөлу көзделген.

Бұл қаражат Ұлытау облысының әкімдігіне қоныс аударған мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік баспанасына, коммуналдық меншіктегі тұрғын үй сатып алуға аударылады. Ұлытау облысы әкімдігінің хабарлауынша, тұрғын үйді сатып алу 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Құжат "2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға, ҚР үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы және ҚР үкіметінің "кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" ҚР премьер-министрі Ә.Ә.Смайыловтың өкіміне сәйкес әзірленді.

Жоба 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қоғам боп талқылау үшін Ашық НҚА порталына жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек