Қазақстанда банкрот деп танылған адамдардың тізімдері жариялана бастады

4 қыркүйектен бастап Қазақстанда банкрот деп танылған азаматтардың тізімдері жариялана бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, қазірдің өзінде берешегі 435 млн теңгені құрайтын (кредиттік бюроның мәліметі бойынша) 309 адам банкрот деп танылды.

Аталған азаматтарға 14-14 қызметі бойынша sms-хабарлама арқылы соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны және банкрот деп танылуы туралы хабарлама келіп түсті, сондай-ақ олар туралы ақпарат e-gov порталында орналастырылды.

"Банкрот деп танылған азаматтардың 22-сі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болса, 232-сі бес жылдан астам несие қарыздарын өтей алмай жүргендер".Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Ведомствоның нақыталуынша, банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы – 40 жас. Бүгінде банкротқа ұшырағандардың ең жасы 1 миллион теңгеден астам қарызы бар Қызылорда облысының тұрғыны, ол 23 жаста. Ал ең қарт банкрот болған азамат Маңғыстау облысының 65 жастағы тұрғыны болды, оның 3 миллион теңгеден астам қарызы есептен шығарылады.

Бұл азаматтар ауыр қарыздан құтылды.

Дегенмен, Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, бұл рәсімнің келесі салдары бар – бес жыл ішінде жаңа несие алуға тыйым салынған және мұндай азаматтардың үстінен үш жыл бойы қаржылық мониторинг жүргізіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: