Салық есебін тапсыру және салықтарды төлеу мерзімі 21 қыркүйекте аяқталады

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2026 16:58 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда 2026 жылғы 21 қыркүйекте салық есебін тапсыру және бірқатар салықтарды төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Параграф" ақпараттық жүйесі 2026 жылғы 21 қыркүйектен кешіктірмей мына есептіліктерді тапсыру қажет екенін еске салды:

  • 328.00-нысан – 2026 жылғы тамыз айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
  • 851.00-нысан – 2026 жылғы тамызда жер учаскелерін пайдалану туралы шарт жасалған немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алынған жағдайда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдері сомаларының есебі;
  • 870.00-нысан – 2026 жылғы тамызда рұқсат алынған жағдайда, 100 АЕК-ке дейінгі төлемдер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы декларациясы.

Сонымен қатар мына салықтар мен төлемдерді төлеу қажет:

  • 2026 жылғы тамыз айы үшін ЕАЭО-дағы ҚҚС;
  • 2026 жылғы тамыз айы үшін акциз, оның ішінде ЕАЭО-дан тауарлар импорты бойынша акциз;
  • 2026 жылғы тамызда рұқсат алынған жағдайда, 100 АЕК-ке дейінгі төлемдер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: