7 тамыздағы саудада доллар қымбаттай түсті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE)15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,72 теңгеге қымбаттап, 464,48 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 63,32 теңгеге (+0,25) дейін көтерілді.

Еуро бағамын Ұлттық банк 495,14 теңге, рубль бағамын 4,72 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 461-464 теңге, еуро – 494,5-498,5 теңге, ресей рублі – 4,69-4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, 7 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы төмендей түсті.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны барреліне 0,35%-ға арзандап, 90,28 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 0,47%-ға арзандап, барреліне 87,13 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады