Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2 қазанда аяқталады

Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 1 қазанда 2022 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салды. Алайда 1 қазан демалыс күні екенін ескерсек, төлем мерзімі 2 қазанда аяқталады.

Мүлік салығын төлеу барысында:

"Салық заңнамасына сәйкес төленуге жататын салық сомалары туралы хабарламалар ағымдағы жылдың шілде айында меншік иелеріне электронды түрде – Салық төлеушінің кабинетіне, "E-gov" порталына, қағаз түрінде – тапсырыс хатпен, сондай-ақ түбіртек – коммуналдық қызметтердің ЕРЦ, ALSECO және т.б. хабарламалары. Сонымен қатар алдағы төлемдер туралы ақпарат "Kaspi Bank" АҚ және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалары түрінде жіберілді. Бұл ретте салық коммуналдық төлем арқылы немесе мобильді қосымшалар арқылы бір рет төленетінін хабарлаймыз". Мемлекеттік кірістер комитеті

Қате төлемдерді болдырмау үшін көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, төлемдерді бір уақытта жүзеге асыру мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz "Алдағы төлемдер" сервисінде және "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасынан, сондай-ақ банктердің "Kaspi.kz" және "Halykbank" мобильді қосымшаларында көруге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды