19 қыркүйектегі саудада доллар бағамы 471 теңгеден асты

Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,67 теңгеге қымбаттап, 471,45 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 64,52 теңгеге (+0,22) дейін өсті.

Еуро бағамын Ұлттық банк 500,8 теңге, рубльді 4,87 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 470,5-473,5 теңге, еуро 503,5-507,5 теңге, ресей рублі 4,81-5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр.

19 қыркүйектегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да көтеріле түсті.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны 0,77%-ға өсіп, барреліне 95,16 доллар болды.

Айта кетерлігі, Brent маркалы мұнай 2022 жылғы 15 қарашадан бері алғаш рет 95 доллардан асты.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері 1,13%-ға өсіп, барреліне 91,60 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты