Депутат Ұлттық қордан балаларға төленетін қаржыны баланың еміне жұмсауға болмайтынын айтты

Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаттары Ұлттық қордан балаларға төленетін қаражатты баланы емдеуге жұмсау мүмкіндігін қарастыратын норманы заңнамаға енгізген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәселе, депутат Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігімен, ҰЭМ, Қаржы министрлігімен, жұртшылықпен және жұмыс тобының мүшелерімен ұзақ уақыт талқыланған.

"Бұл ақшаны I және II топтағы мүгедектердің емделуіне мүмкіндік беру мәселесі талқыланды. Бірақ бұл санаттағы азаматтарға арналған жеке бағдарлама бар, оның аясында олар ай сайын жәрдемақы алады. Сонымен қатар бұл жәрдемақы мөлшері 1 шілдеден бастап 14,5%-ға ұлғайтылды. Сондықтан бұл санаттағы адамдар үшін жеке бағдарлама бар екенін ескерсек, бұл заң жобасы аясында қарастырылмаған", – деп түсіндірді Берік Бейсенғалиев.

Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы 18 жасқа толмаған балалардың арнайы жинақ шотына аударылады. Олар бұл қаражатты болашақта баспана алуға немесе білім алуға жұмсай алады. Тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі, сондай-ақ шетелдік оқу орнындағы оқу ақысын төлей алады.

Қазақстан
Ұлттық қор – балаларға

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты