ҚР Президентінің ресми сайтында мұндай платформа туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ Қазақстанда "Қарашығанақ мұнай" деп аталатын компания тіркелмеген, деп хабарлайды Stopfake.kz.
Ашық мәліметтерге сәйкес, Қарашығанақ кен орны Petroleum Operating B. V компаниясына тиесілі, оның қатысушылары итальяндық ENI, голландиялық Shell, америкалық Chevron және т.б. шетелдік компаниялар болып табылады.
ҚР Қаржы министрлігі Қазақстанның барлық азаматтарына тұрақты төлемдер төленетініне кепілдік беретіні туралы ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі жоққа шығарды.
"Желіде Қазақстан Республикасы азаматтарының дивиденттер төленетін бір инвестициялық платформаға қатысуы туралы ақпарат тарады. Постта Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Е.Жамаубаевтың суреті тіркелген. Бұл ақпараттың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Е.Жамаубаевқа қатысы жоқ. Оны алаяқтар жасаған, бұл - фейк ақпарат. Мұндай сілтемелер бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз". ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі