Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 6,76 теңгеге (-0,43) дейін төмендеді.
Еуро бағамын Ұлттық банк 505,52 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 474-477 теңге, еуро 503-507 теңге, ресей рублі 4,79-4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 25 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы көтеріле түсті.
ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны 0,47%-ға өсіп, барреліне 92,39 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері 0,58%-ға өсіп, барреліне 90,55 доллар болды.