Министрдің айтуынша, ең төменгі жалақының бұлайша өсуі шағын және орта бизнес өкілдеріне кері әсерін тигізеді.
"Әрине, Қазақстанда ең төменгі жалақы 300 мың теңге болатындай етіп жасау өте жақсы болар еді. Бірақ біз шағын және орта бизнесті де ойлауымыз керек. Өйткені олар осы ең төменгі жалақыны 300 мың етіп төлеуі керек болады. Оған қоса олардың міндетті төлемдері көбейеді. Бұл бизнеске өте үлкен жүктеме болады".Светлана Жақыпова
Ол ең төменгі жалақыны ең төменгі әлеуметтік стандарт ретінде қабылдау керек екенін, сәйкесінше бірде-бір жұмыс берушіге бұл көрсеткіштен төмен еңбекақы төлеуге болмайтынын атап өтті. Бұл дегеніміз бүкіл Қазақстан ең төменгі жалақыны ғана алады деген сөз емес.
"Иә, ең төменгі жалақы бүгінде 300 мың теңге емес, 85 мың теңге. Айта кетейік, 2018 жылға дейін ең төменгі жалақы жалпы алғанда 28 мың теңгенің шегінде болған және біз бұл ең төменгі жалақыны әлеуметтік ең төменгі стандарт ретінде енгізген едік. Демек бұдан төмен төлемеуі керек болған. 2018 жылы 42500 теңге болды, кейін 60-70 болды, енді жаңа жылда 85 мың теңге болады".Светлана Жақыпова
Министрдің айтуынша, бұл сома әзірленген әдістемеге сәйкес анықталған.
"Ол әлі заңнамалық қолдауға ие болған жоқ, бірақ біз оның есебін орташа жалақы мен еңбек өнімділігіне байланыстырдық. Сонымен қатар неге 300 мың болмай тұр дегенге жауап берсек, 85 мың теңге - біліктілігі жоқ немесе қара еңбек үшін төленетін ақы. Демек құзыреттілікке, дағдыға, білімге қойылатын төлемге талаптар жоқ".Светлана Жақыпова
Бұған дейін ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова бұл мәселеге қатысты пікірін бөліскен еді. Сонымен қатар ол ең төменгі жалақы – біліктілігі жоқ жұмысшының қосымша жалақысы мен үстемеақысы жоқ жалақысы екенін атап өтті.
1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды.