Қазақстанда криптовалюталық қаржы пирамидасы бар екені анықталды

Сурет: Zakon.kz
Тараз қаласының аумағында "The Finiko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару фактісін ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, өңірде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар "Thefiniko.СОМ" бағдарламасы арқылы салымшыларды (инвесторларды) тартқан. Олардың қаражатына (крипто валютасына) әлемдік биржаларда ойдан шығарылған трейдингті жүзеге асырып, кейіннен кірісті қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында бөлгені анықталды.

"2021 жылғы шілдеде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "The Finiko" жобасын ресми түрде қаржы пирамидасы деп таныды. Қазір қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу амалдары мен тиісті сараптамалар жүргізілуде, нәтижесінде қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай өзге ақпарат жарияланбайды", - делінген агенттік хабарламасында.

"The Finiko" қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуын сұраймыз", - деп қосты агенттік

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?