Қазақстанда 827 кәсіпорын 20 мың жұмыскерге жалақы бойынша берешегін өтемеген

Сурет: pixabay
Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 827 кәсіпорны 20,6 мың жұмыскерге 5,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 127 нұсқама беріліп, 134,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд теңге төленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды