158 елді мекенді ауызсумен қамту үшін 23,3 миллиард теңге бөлінді

Сурет: Zakon.kz
ҚР парламент мәжілісінің пленарлық отырысында премьер-министр Тамара Дүйсенова Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында қандай шаралар жүзеге асып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенованың сөзінше, кейінгі екі жылға 158 ауылдық елді мекенді сумен жабдықтайтын 34 жобаны іске асыру үшін 23,3 миллиард теңге бөлінді. Жалпы 2025 жылға қарай еліміздің барлық тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Жерді суару кезінде суды үнемдеуге бағытталған кешенді шаралар қолға алынбақ. Атап айтқанда:


"2025 жылға дейін ең әуелі Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарын қосымша сумен қамтамасыз ету үшін жалпы аумағы 1,7 текше метр болатын 9 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр. Екінші кезеңде Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 11 су қоймасын салу көзделген", - деді Тамара Дүйсенова.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды