Енді Қазақстан халқының несиесі мемлекеттік бюджет есебінен өтелмейді

Сурет: Zakon.kz
20 қазанда Мәжіліс кулуарында Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова бұдан былай қазақстандықтардың несиесі мемлекеттік бюджет есебінен өтелмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz есеп береді.

Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің басшысы 2019 жылы  айтарлықтай өтелгеніне қарамастан, проблемалық қарыздар қайта өскенін алға тартты.

"Сондықтан қазір бұл міндет банктер мен микроқаржы ұйымдарына, коллекторларға жүктелді. 2021 жылы банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар мерзімі өткен берешекті өтеу рәсімін орындауға міндетті деген норма енгізілді". Мәдина Әбілқасымова

2023 жылы Қазақстанда несиесін төлей алмаған 12 адам өз-өзіне қол жұмсады. Бұл деректі 20 қазан күні Мәжілісте өткен үкімет сағатында Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Игорь Лепеха айтты. Оның  сөзінше, шамадан тыс қарыз түбі көбіне ауыр зардаптарға әкеп соғады: несиесін өтей алмаған қарыз алушылар қылмысқа, тіпті өз өмірін қиюға дейін барған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді