19 қарашадағы саудада доллар бағамы 4,5 теңгеге жуық өсті
Фото: Zakon.kz
Ресей рублі 0,05 теңгеге қымбаттап, 5,46 теңгеге жетті. Қытай юанінің бағамы 0,57 теңгеге өсіп, 67,16 теңге болды.
Қазақстандағы айырбастау пункттерінде долларды 449,1 теңгеден сатып алып, 451,4 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы – 492,4 теңге, сату бағамы – 497,1 теңге. Рубльді тиісінше 5,19 теңгеден сатып алып, 5,31 теңгеден сатады.
19 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді. Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,05%-ға қымбаттап, барреліне 92 долларға жетті. Ал америкалық WTI мұнайының желтоқсан айындағы фьючерстері 0,31%-ға арзандап, барреліне 83 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 444,16 теңге, еуроныкін 487,29 теңге, рубльдікін 5,4 теңге деп белгіледі.
Қазақстандағы айырбастау пункттерінде 19 қарашада түске дейін шетел валютасы қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын мына жерден көруге болады.