Етті арзанырақ алыңыз: алаяқтар тағы бір жаңа схеманы қолдана бастады

Сурет: pexels
Қостанайда тартылған ет сатып алғысы келген әйел алаяқтарға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел бұл туралы полицияға хабарлаған. 21 қазан күні ол WhatsApp желісіндегі топқа хабарлама жазған. Онда ет сату туралы хабарландыру жарияланған. Топ әкімшісі әйелге тартылған ет таусылғанына байланысты тапсырысты орындай алмайтынын жеткізген.

"Кейін әйелге бейтаныс нөмірден фаршты топта ұсынылғаннан да төмен бағаға сатып алуға болатыны туралы хабарлама келген. Әйел көрсетілген нөмірге 13 мың теңге ақша жіберген, бірақ өнімді алмаған", - делінген Қостанай облысы Полиция департаменті хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті тергеу әрекеттері жасалып жатыр.

Бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде қазақстандықтарға 90 миллион теңгеге дейін бар болғаны 2%-бен несие алу туралы ұсыныстар жиі түсе бастаған. Олар бұл ақшаға жылжымайтын мүлік сатып алуды немесе кәсіп ашуды ұсынады. Мұның бәрі - алаяқтардың ісі.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін