10 қарашадағы саудада доллар сәл арзандады

Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,18 теңгеге төмендеп, 467,90 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 64,09 теңге (-0,23) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 500,67 теңге, рубль бағамын 5,09 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 468-471 теңге, еуро 498-503 теңге, ресей рублі 4,59-5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 10 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің баға белгіленімі барреліне 80,5 доллар болды, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 0,6%-ға жоғары.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) таңертеңгі электрондық саудада WTI маркалы мұнай фьючерстерінің желтоқсан айындағы бағасы барреліне 0,5%-ға өсіп, 76,11 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті