Салық органы сервистері 11 қыркүйекке қараған түні жұмыс істемеуі мүмкін
Сурет: pexels
Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік органдардың ақпараттық желісінде жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) өз сервистерінің уақытша қолжетімсіз болатынын ескертті.
МКК ақпараттық жүйелері 11 қыркүйекке қараған түні аракідік қолжетімсіз болуы мүмкін.
"Құрметті салық төлеушілер! ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті "Қазақтелеком" АҚ-ның 2026 жылғы 11 қыркүйекте сағат 01:55-тен 07:00-ге дейін жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында МКК ақпараттық жүйелерінің мерзімді түрде қолжетімсіз болуы мүмкін!", делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанда кәсіп ашу үшін қалай грант ақшаға қол жеткізуге болатынын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript