13 қарашадағы саудада доллар арзандады

Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,97 теңгеге төмендеп, 465,69 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,77 теңге (-0,31) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 499,48 теңге, рубль бағамые 5,08 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 467,5-470,3 теңге, еуро 497-501 теңге, ресей рублі 4,95-5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

13 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны барреліне 80,61 доллар болып, бұл алдыңғы сессияның жабылуынан 1,01 пайызға төмен.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 1,02 пайызға арзандап, барреліне 76,38 доллар болды.

ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды