Қазақстанда тиімсіз жобаларға 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген

Сурет: Zakon.kz
Қаржы мониторингі агенттігі шара қабылдап, 5,1 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол бермеді.

Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 млрд теңге қарастырылған еді. Алайда жобаның сапасыз жоспарлануына байланысты тазалаудан кейін қатты ағын мен желдің әсерінен өзен арнасы қайтадан ластанып, толып қалған.

ҚМА өңірлік Департаментінің қызметкерлері қабылдаған шараларынан кейін әкімдік 3,7 млрд теңге көлемінде игерілмеген қаражатты басқа әлеуметтік мақсаттарға бағыттады.

Сонымен қатар Көкшетау қаласының Станционный кентінде 1,4 млрд теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған еді. Жобаның бастапқы құны 910 млн теңге болды. Ал басқа елді мекендерде осыған ұқсас объектілердің құны айтарлықтай төмен болған.


"Осыған байланысты Көкшетау қаласының әкімдігі шартты бұзу жұмысын істеп жатыр. Үнемделген қаражат есебінен басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыланбақ", - делінген агенттік хабарламасында.
Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді